Сұрақ жауап

«Алтын Дала»  МТР–і аумағында шөп шабуға және мал жаюға болама?

Қазақстан Республикасының ЕҚТА туралы заңы, Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ңұсқаулығы, Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын негізге ала отырып Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тапсырысымен Қазақ орман орналастыру кәсіпорнымен жобаланған және комитет тарапынан бекітілген «Алтын Дала» МТР-ның орман орналастыру жобасына сәйкес «Алтын Дала» резерваты аумағынан резерваттың өз мұқтаждығы үшін ғана  аралық аймақтан шабындық жерлер көрсетілген, сол себептенде ЕҚТА аумағынан резерваттың өз мұқтаждығынан бөлек  жеке және заңды тұлғаларға шөп шабуға рұқсат жоқ. Ал 124177,6 га жайылымдық жерді жалға беру ұсынылған. Орман орналастыру жобасына сәйкес жайылымдық жерлерді қысқа немесе ұзақ мерзімде жерді жалға алу арқылы пайдалана аласыз.

Мемлекеттік инспектор болу үшін қандай мамандық иесі болу керек?

Мемлекеттік инспектор болып Орман ресурстары және орман өсіру”, “Агрономия”, “Аңшылықтану және аң өсіру”, “Экология”, “Биология”, “География”,”Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс”,”Экология және табиғат қорғау қызметі ”  бойынша жоғарғы не болмаса техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби)  білімі бар мамандар қызмет атқара алады.

Жаз мезгілінде киіктердің су ішуі үшін жасанды каналдар, арықтар жасалған ба?

Киіктердің жасанды суаттарын жайғастыру үшін биотехникалық іс-шараларға әзірге қаражат қарастырылмаған. Соған байланысты каналдар мен арықтар кездеспейді.

Резерват аумағындағы өзен-көлдерде балықтардың қанша түрі кездеседі?

«Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты территориясындағы өзен – көлдерде балықтардың 9 түрі кездеседі.

Резерват аумағындағы киіктердің саны мен өсу динамикасы бар ма?

«Алтын Дала» резерваты аумағындағы киіктердің саны жылдан-жылға артып келеді. Өсу динамикасы жақсы.

Резерват аумағында сүтөоректілердің қанша түрі кездеседі?

«Алтын Дала» резерваты территориясында сүтқоректілердің 54 түрі кездеседі.

«Алтын Дала» резерваты мамандары резерват аумағындағы дала құстарының есебін қалай жүргізеді?

Резерват аумағындағы – негізгі деркетерді пайдалана отырып құстардың анағұрлым көп мекендейтін территориядағы жері таңдалады. Сол бойынша есеп жүргізу бағыты жасалады. Алдын-ала ала келісілген жол бағыты ірі масштабты жұмыс картасына салынады. Есеп жүргізу барысында мамандар есеп нысанына кездескен құстарды күнделігіне жасзып алады.

Суда жүзетін және су маңы құстарының жай-күйін қалай бағалайсыздар?

Резерват аумағында мекендейтін суда жүзетін және су маңы құстарының жай-күйін сандық, ал бірқатар түрлері үшін олардың биологиялық цикілін, жергілікті қауымдастықтың көктемгі ұшып келі және күзде ұшып кетуі. Көбеюі, жазғы түлеуі және көшу кезеңінің негізгі сатыларын қадағалауды қамти отырып, сапалық мониторинг жүргізіледі.

Өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлері Қазақстанның Қызыл Кітабына кіреді?

ҚР Қызыл кітабын жүргізу қағидаларына сәйкес, мекендеу ортасында жойылып кеткендерін қоса алғанда, ҚР аумағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркіндік жағдайында тұрақты немесе уақытша мекендейтін өсімдіктердің (биік және аласа) және жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері, популяциялары енгізіледі.

Резерват аумағындағы өсімдіктердің жай-күйін қалай бақылайсыздар?

Территориядағы бекеттерде қаумал аумақтары құрылған. Қаумал аумағы қамтитын аумақ ішіндегі өсімдіктерге бақылау жүргізу арқылы бақылаймыз.