“Саябақтар шеруі-2022”

 

«Парктер шеруі – 2022»

 

Парктер шеруі – бұл үлкен көлемде халықаралық деңгейде әр жыл сайын табиғатты қорғау мақсатында өткізілетін акция. «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы АҚШ-тан бастау алып, әлемнің көптеген елдерінде 1990 жылдан, ал Қазақстанда 1996 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Акция 2 айға созылады. Бұл акцияның басты мақсаты — жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік жергілікті билік органдардың алдында табиғатты қорғауға көңіл аударатындай мәселелер көтеріп, қажетті ақпараттар легімен таныстыру.

«Алтын Дала» МТР мекемесі 2013 жылдан бастап «Парктер шеруі» акциясын өткізіп келеміз. Жыл сайын аудан тұрғындары, жакын жатқан ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары осы акцияға қатысып табиғатты қорғау жолында өз үлестерін қосуда. Әсіресе мектеп оқушылары белсенді ат салысып келеді. Аудан мектептері жыл сайын Б.Қолдасбаев, Ы. Алтынсарин, Аманкелді, Ә.Боранбаев және Н.Мейірманов жалпы білім беретін мектептері өз ынталарымен жоғары дәрежеде концерттік бағдарламалар ұйымдастырып белсене қатысып келеді. Биылғы жылы өтіп жатқан осы акциямыздың ұраны «Табиғатты қорғайық, болашақты ойлайық!». Бұл шараның негізгі міндеті табиғатты қорғауға, аялауға, туған жердің суымен тоғайын, жан-жануарларына қамқор болуға, айналамызда өсіп тұрған жасыл желектерін аялауға насихаттау. «Алтын Дала» МТР ғылыми бөлімінің мамандары осы акцияның шеңберінде үгіт-насихат жұмыстарын жақын жатқан ауыл мектептерінен бастады. «Парктер шеруі-2022» акциясының салтанатты шеруі 25-ші сәуірде өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Ганиев Сүндет Жолдыбекұлы, Ардагерлер ұйымының мүшесі Нұрсейітов Бимырза Нұрсейітұлы, Нұрғожин Балға Нұрғожаұлы аудан тұрғындары мен мектеп оқушылары және мекеме қызметкерлері қатысты. Концерт барысында «Парктер шеруі-2022» акциясы аясында мектеп оқушылары арасында «Суда жүзетін құстар» сурет сайысы, ермексаздан «Жабайы аңдар» мүсінін жасау сайысы және «Табиғатты қорғайық, болашақты ойлайық!» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары мен іс-шараға белсене ат салысқан оқушылар марапатталды. Шеру концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

«Алтын Дала» МТР РММ-нің

Экологиялық ағарту маманы:

Жақсылық Балжан Айдынқызы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған