Біз туралы

ҚР Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі. ҚР Үкіметінің  2012 жылы 26 қарашасындағы №1496 қаулысымен ашылды. Қостанай обылысының  Аманкелді-Жанкелді аудандарының аумағында         орналасқан.

ҚҰРЫЛУ МАҚСАТЫ.

1.Орталық Қазақстанның солтүстік  шөл даласының және шөлейтті далаларының экожүйесін, биоалуантүрлілігін сақтау.
2.Еліміздің ең ірі Бетпақдала киіктерінің популяциясын, олардың көшіп-қонуын негзгі төлдеу, қыстау, шоғырлану, орындарын сақтау.
3. Аймақтағы ең ірі түпкілікті орнитологиялық аумақ болып танылған, Сарықопа тұщы сулы көлдерінің бірегей жүйесін сақтау.

ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ.

  1. 2005 жылы «Алтын Дала» (АDCI) халықаралық табиғатты қорғау  бастамасының шеңберінде  алғашқы рет жаңадан  дала резерватын құру ұсынылды.
  2. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті тапсырысымен, ҚБСА 2007-2009 жылдары «Алтын Дала» МТР құру туралы экономикалық-техникалық, өзіндік- ғылыми әдістемелерін әзірледі.
  3. Дала экожүйелерін сақтауға және жүйелі түрде басқаруға арналаған тәсілдерді көрсету және ҒЭҚ/БҰҰДБ/ҚР алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарды жүргізуге Үкіметтің шешімін  қабылдау Үкімет жобасы шеңберінде қабылданды.
  4. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті және БҰҰ Дала жобасы прогаммасының   жемісті түрде аяқталуына байланысты және қажымай, талмай  еңбек етуідің арқасында, резерват құру  мүмкіндігі жүзеге асты.
Loader Loading…
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab